Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, село Жанаесиль" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есеп

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Целиноград ауданы,  Жаңаесіл ауылы,  Агротехникалық колледжі» МКҚК-ны 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2023 жылы «Жаңаесіл ауылы,  Агротехникалық колледжі» МКҚК 302 қызмет көрсетілді, соның ішінде;

электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 0;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 302.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» - 165 қызмет;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» - 55 қызмет;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 0 қызмет;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» - 60 қызмет;

«Білім беру ұйымдарының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау» – 17;

«Педагогтерді аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» - 0;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» - 0;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» - 5.

     «Жаңаесіл ауылы, АТК» МКҚК-да 4 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді және де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

      2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

      Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді. 2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Жаңартылған күні: 29.02.2024 16:46
Құрылған күні: 29.02.2024 16:46

Текст