Текст
* * * * *
«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік оқытудың ашық сабағы өтті. Өндірістік оқыту шебері – Қулымбетов Н.И. «Дәнекерлеу тігістері.Түрлері» тақырыбы бойынша ашық өндірістік оқыту жұмысы барысында, жұмысқа кіріспес бұрын, барлық жағынан дәнекерлеу түрін анықтау маңызды екені белгілі. Бұл әрбір нақты жағдайда дәнекерлеудің оңтайлы техникасын таңдауға көмектеседі. Мысалы, тігінен дәнекерлеу түйіспелі дәнекерлеуді төмен күйде дәнекерлеуге қарағанда көбірек дайындықты қажет етеді. Ашық өндірістік оқуда Өндірістік оқыту шебері студенттермен бірге дәнекерлеу тігістерінің барлық түрі мен тәсілдерін және олардың орындалуын көрсете білді.