03.09.2025
Бүгін Жаңаесіл ауылындағы Индустриялық технологиялар және сервис колледжінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты сап түзеу «Білім күні. Бейбітшілік күні!» өтті.
Біз қуанышпен алғашқы студенттерімізді қарсы алдық. Олар біздің тату да достыққа толы студенттік отбасымызға жаңа қадам басты.
Колледж директоры Сабитов Багдат Касымбекұлының жылы лебіздері айтылды. Атмосфера нағыз мерекелік әрі шабыттандырарлық болды!
Сап түзеуден кейін «Адал адам! Адал еңбек! Адал табыс!» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті.
Сонымен қатар, бірінші курс студенттері өз кураторларымен танысып, оқу процесінің ерекшеліктері, ішкі тәртіп ережелері және колледж өміріне белсенді қатысу мүмкіндіктері туралы мәлімет алды.
Бұл оқу жылы нәтижелі, жарқын әрі жаңа жаңалықтарға толы болсын! Барлық студенттерге табысты оқу, қызықты жобалар мен шынайы достар тілейміз!
Білім күні құтты болсын!
#Жұмысшыкәсіпжылы
#ҚИТиС
#Мұндамықтыстуденттер
#Мұндамықтыпедагогтар