Текст
29.09.2025
Жаңаесіл ауылының Индустриялық технологиялар және сервис колледжінде Қарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты — аға буынға құрмет көрсету, қамқорлық сезімін тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлер мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау. Студенттер концерттік нөмірлер дайындап, ардагерлер мен аға буын өкілдеріне олардың еңбегі, даналығы мен өмірлік тәжірибесі үшін алғыс білдірді.

