"Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Жаңаесіл ауылының индустриялық технологиялар және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Колледж индустриальных технологий и сервиса села Жанаесиль при управлении образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстар арасында білім беру серіктестігі

29.11.2025

2025 жылғы 27–28 қараша күндері Қостанай қаласында өткен жұмыс сапарына біздің колледждің директоры Сабитов Багдат Касымбекұлы қатысып қайтты.
Сапар Ақмола облысы Білім басқармасына қарасты колледж директорлары мен ТжКБ дамыту орталығы делегациясының Қостанай облысына ұйымдастырылған іс-шаралары аясында өтті.

Жиынның негізгі мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру, әлеуметтік серіктестік, инновациялық әдістемелер мен тиімді тәжірибелерді енгізу бағытында екі өңір арасында өзара тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету.

Сапар барысында қатысушылар Қостанай облысы Білім басқармасының «Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжі» КМКҚ жетістіктерімен танысып, табысты тәжірибені кеңейту, білім беру сапасын арттыру және серіктестік байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Бұл жұмыс сапары Ақмола және Қостанай облыстарының оқу орындары мен әлеуметтік серіктестері арасындағы әріптестікті күшейтуге, бағалы тәжірибе алмасуға және өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға арналған маңызды алаңға айналды.

Просмотров: 22


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст