Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, село Жанаесиль" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша онкүндігінің есебі

15.11.2021

25.10.21 ж. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша  арнайы пәндер оқытушыларының онкүндігінің ашылу салтанаты колледжіміздің акт залында өтті. Өз өнерлерін көрсеткен студенттер:ОП-32 тобының студенттері және Мех-12 тобының студенті Такиш Диас. Сонымен қатар арнайы пәндер оқутышулары мен практика жетекшілерінің ұйымдастырылуымен қысқаша форматта видео-ролик түсірілді. Видео-роликте сүт өнімінің пайдасы, қолданылуы аясы туралы және ашық сабақтардың қайта өтетін туралы айтылып кетті. Жауапты мұғалімдер: Смагулова А.М.;Сұлтанғалиқызы А.

-25.10.21ж. Арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің аспаздық және кондитерлік өнімдердің жәрмеңкесін ұйымдастырды.

-26.10.21ж. Ашық сабақтың тақырыбы: «Этика общения с посетителями», «Сервировка стола». Пәні: «Организация обслуживания посетителей». Жауапты мұғалім: Байгабулова А.И. 

Сабақ ОП-22 тобында өтті. Сабақта презентация,  видео-ролик, тақырыпқа сай  құрал-жабдықтар  болды.  Сабақта мұғалім дастарханды столға қалай жаю, ыдыс-аяқты және де стақандарды қалай дұрыс қою керектігін, сонымен қатар майлықтарды қалай әсемдеп қоюға болатының көрсетті. Ал  студенттер көрсетілген тапсырманы өте жақсы орындап шықты. Мұғалімнің өзің ұстауы, сөйлеу мәнері жақсы. Тақырып ашылды. Студенттердің сабаққа қатысымы төмен болды, яғни аз студент қатысты.

-27.10.21ж. Өндірістік оқыту бойынша ашық сабақ ОП-21 тобында өтті.   Тақырыбы: «Қаймақ тұздықта пісірілген балықты, қызыл тұздықта пісірілген балықты дайындау»  жауапты мұғалім: Абдилдина А.М. Өндірістік оқыту сабағының сабақ барысы рет-ретімен, тұрақты өтті. Студенттердің киімі, барлық керек құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді және қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Мұғалім бірінші сабақ барысымен таныстырып,  жасалу жолын бірінші жасап көрсетті. Группа 3 топқа бөлінді және әр топқа тапсырмалар берілді. Студенттер топ бойынша берілген тапсырманы өте жақсы орындап шықты.  Сабақ барысында студенттерге қарағанда мұғалім көп сөйледі. Презентация көрсету орны дұрыс болмады. Студенттерге арқасымен тұрды. Сабақ қызықты, түсінікті өтті. Сабақ соңы өте жақсы аяқталды. Студенттер өздері жасаған тамақтарының безендірілуі және ұсынылуын жақсы көрсете білді. Студенттер өздеріне сенімді, тамақтары өте дәмді шықты.

-28.10.21ж. ОП-32 тобында  ашық сабақ өтті. Тақырыбы: «Шоколадпен жұмыс істеу» пәні: «Әртүрлі қамыр түрлерін дайындау технологиясы». Жауапты мұғалім: Какабадзе Г.Г. Сабақ түрі практикалық түрде өтті. Мұғалім барлық керек құрал-жабдықтармен, шикі заттармен қамтамасыз етті. Сабақ тақырыбы ашылды, студенттердің қатысымы жақсы, белсенді қатысты.  Ұйымдастырушылық шеберлігі өте жақсы деңгейде өтті. Студенттер шоколад сапасының қалай анықтауға болатының тәжірибе жүзінде жасап көрді. Сабақ соңында қорытынды ретінде студенттерге жеке жұмыс тапсырмалары берілді. Ескертулер болған жоқ.

-29.10.21ж.  ОП-21 тобында ашық сабақ. Тақырыбы: «Татымдықтар мен дәмдеуіштер» Пәні: «Тауар сипаттамасы тамақ өнімдерінің құрамы мен сақталуы» жауапты мұғалім: Сұлтанғалиқызы А. Сабақ түрі аралас сабақ, практикалық түрде өтті. Мұғалім барлық керек құрал-жабдықтармен, шикі заттармен қамтамасыз етті . Мұғалім сабақ тақырыбын аша білді. Сабақ барысы кезең бойынша, тұрақты өтті. Студенттер белсенді қатысты. Студенттер  тақырып бойынша мәліметтер алып, практика жүзінде қолдана білді.

-01.11.21ж. ОП-22 тобында өндірістік ашық сабақ өтті. Тақырыбы: «Мясной рулет с начинкой» Жауапты мұғалім: Топольник З.С. Өндірістік оқыту сабағының сабақ барысы рет-ретімен, тұрақты өтті. Студенттердің киімі, барлық керек құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді және қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Сабақ барысында презентация, видео-ролик көрсетілді және тәжірибе жүзінде студенттерге жасалу жолын үйретті. Студенттердің сабаққа қатысымы төмен, яғни аз студент қатысты. Сабақ барысы кезінде студенттерге қарағанда мұғалім көп жұмыс атқарды. Сабақ өте жақсы, түсінікті өтті.

-02.11.21ж. ОП-11 тобында оқу практикасы өтті. Ашық  сабақтың тақырыбы: «Бутербродтар дайындау» пәні: « Шикізатты өндеу және жартылай фабрикаттарды дайындау». Жауапты мұғалім: Нураддинова А.Б.

Нураддинова А.Б. алғаш рет ашық сабақ өткізді. Ашық сабағы өте жақсы деңгейде өтті. Мұғалімнің өзің ұстауы , дауыс ырғағы ,студенттермен жұмыс жасауы жақсы. Жаңа тақырыпты түсіндіру ұзақ уақытқа созылғандықтан, тәжірибемен жұмыс жасауға уақыт жағынан тығыз болды. Мұғалім бутербродтың түрлерін жасап көрсетті, студенттер көрсетілгені бойынша  жасап, өз еркілерімен безендірді. Мұғалімнің ұйымдастырушылық қабілеті жақсы. Студенттердің сыртқы киімі дұрыс болмады. Сабақ жақсы, қызықты өтті. Сабақ соңында студенттер өз ойларын айтты.

 -03.11.21ж. Ашық сабақтың тақырыбы: «Тәтті сорпаларды дайындау технологиясы» пәні: «Түрлі тәсілдерді қолдана отырып, өнімдерді жылумен аспаздық өңдеуді орындау» ПМП-4 жауапты мұғалім: Абдилдина А.М.   Ашық сабақ ОП-22 тобында өтті. Сабақ түрі аралас , практикалық сабақ болды. Мұғалім тәжірбиеге қажетті құрал-жабдықтармен, шикі заттармен қамтамасыз етті. Сабақ үстінде әртүрлі әдіс тәсілдер қолданды. Сабақ тақырыбын аша алды. Студенттер 2 топқа бөлініп әр топқа сорпалар жасау тапсырмасы берілді. 2 топтағы студенттер белсенді қатысты. Сабақ барысы қызықты, мазмұнды, жақсы өтті.

-03.11.21ж. «Аспаздық жарыс»  деп аталатын  сыныптан тыс і-шара колледжіміздің акт залында ұйымдастырылды. Қатысушы топтар :

ОП-11,ОП-12,ОП-21,ОП-22,ОП-31, ОП-32 топтары.

Ойын шарты 6 кезеңнен тұрды.

-1 кезең сәлемдесу

-дастарханға жаюға арналған майлықтар безендіру

-брутто,нетто салмағын есептеу

-кім жылдам

-қолмен ұстап дәмдеуіштердің атауын табу

-бутерброд жасау

 Ұйымдастырушылар  әртүрлі қызықты тапсырмалармен студенттердің қызығушылықтарын оятты. Студенттерді шапшаңдыққа, қол өнерлікке, есептеуге, тамақ жасай алуға, ажырата білуге үйретті. Студенттер белсенді қатысты. Барлық қатысушы студенттерге , көрермендерге, мұғалімдерге  өте қызықты өтті. Жауапты мұғалімдер: Какабадзе Г.Г. Байгабулова А.И.

-04.11.21ж. Открытый урок по предмету: «Товароведная характеристика состав и хранение ПМП-1»на тему: «Его величество салат» жауапты мұғалім: Смагулова А.М. ОП-11 тобында өтті. Қауіпсіздік ережесімен таныстырды. Сабақ барасында әртүрлі әдістер қолданды. Студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Мұғалімнің студенттермен жұмыс жасау өте жақсы .Студенттер 4 топқа бөлініп, әр топқа салат жасау тапсырмасы берілді. Студенттердің киімі, жұмыс орны, жұмыс жасауы тиянақты өтті.  Мұғалім жақсы жұмыс жасаған, жақсы жауап берген студенттерге ұпай беріп отырды. Студенттер белсенді қатысты. Сабақ барысы өте қызықты, түсінікті болды.

-05.11.21ж. Арнайы пәндер  оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің  онкүндігінің жабылу салтанаты акт залында өтті. Қатысушы студенттер: Мех-12, ОП-21, ОП-31, ОП-11 тобының студенттері өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар осы онкүндікте жақсы көрсете білген, белсенді студенттер мен арнайы пәндер мұғалімдерін  марапаттады.  «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының онкүндігі жоғарғы деңгейде өтті.

Просмотров: 452


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст