Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, село Жанаесиль" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар” бағдарламасы аясында “Мәңгілік ел болашағы – саналы ұрпақ” тақырыбында педагогикалық оқылым

22.02.2018

Алғашқы кіріспе бөлімді, колледж әдіскері Ускина Жанар Советовна баяндады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл – қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстарына қысқаша тоқталып өтсек.

Біріншіден, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Бұны мақала авторы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тарауында айтып отыр. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы

ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Екіншіден, елбасының ла­тын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшіп, оған дейін әдістемелік дайындық жұмыстары­ның жасалатыны туралы. Бүгінде бүкіл әлем латын әліпбиінде сөйлейді. Сондықтан бұл да өзекті мәселелердің бірі.

Үшіншіден, білім. Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім. Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүзеге асырудың бір жолы бәсекеге қабілеттілікте дер едім. Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. «Тәрбиесіз берілген бі­лім – адамзаттың хас жауы» деп әл – Фараби бабамыз айтқандай біз тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет.

Сонымен қатар мақалада айтылған туған жер, туған ел бағдарламасымен бірге қазақ жерінің тарихи-туристік белдеулерін түзу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз

үлес қосып жүрген 100 азаматтың есімін анықтау, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау деген ойларын да құптаймыз.

   Сонымен айтарым қазіргі қoғамның өзeкті мәселелерiнің бірі-әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жекe тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, жоғары интелектілік, терең білімділік, кәсiби сауаттылық деп ойлаймын, сондықтан осы нақты бағыттарда жұмыс жасaй oтыpып, біз білім беру жүйесінің жаңа мазмұнға ие болуына қол жеткізбекпіз, яғни қазіргі  бәсекеге қабілетті және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үшін

оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ордасы болуы қажeт. Бір сөзбен айтқанда біз білім беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеруіміз керек деп сөзімді аяқтай отыра. Бүгінгі біздің колледжімізде жұмыс істеп жатқан  оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің  білім беруде, қазіргі оқытудағы жаңа технологияларды қолдану сапасы және қандайда бір туындаған мәселелерді шешу мақсаттары туралы бүгінгі педагогикалық оқылымда, тақырыбымыз: Мәңгілік ел болашағы – саналы ұрпақ” тақырыбы бойынша “Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар” бағдарламасы аясында колледж ұстаздары өз ойларын ортаға салды.Олар:

•  Арзимбетова Д.Ж - Арнайы пәндер оқытушысы. Тақырып: “Рухани жаңғыру – кәсіптік техникалық білімнің жаңғыру кепілі”.

•  Кабаева А.А. –Орыс тілі және әдебиет пән оқытушысы. Тақырып: “ Духовное развитие студентов как средство реализации программы “Рухани жаңғыру”.

•   Жаксымбетова А.М. – Тарих пәнінің оқытушысы. Тақырып:“ Еліміздің тұғырлы қазынасы – тіл”.

•   Байдашев Ж.Н. –Арнайы пәндер оқытушысы.Тақырып: “Духовное возраждения: в будущее.”

•   Кулымбетов Н.И. – Арнай пәндер оқытушысы. Тақырып:“Мәңгілік ел – болашағы саналы ұрпақ”.

Әр оқытушы өз ойларын айта отырып, болашаққа деген көзқарастарын айта кетті. Әр оқытушының өз тақырыптарына байланысыты оә пікірлері айтылды. Мысалы Арзымбетова Д.Ж- өз баяндамасында колледжде «Фермер шаруашылығы» бойынша Дуалды  техналогиясы бойынша білім беріліп жатқандығын, студенттердің қызығушылығының артырылғандығы жөнінде сөз етті.

Жаксымбетова А.М өз баяндамсында тіл туралы, латын әліби тіліне көшу туралы сөз қозғады. Оқылым соңында ӨОЖ,директордың орынбасары Сабитов Б.Қ сөз сөйлеп Қазіргі

заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар

қоюда.  Сондықтан, қазіргі проблемалар  білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының заманауи талаптарына және ғаламдық білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап «Мәңгілік ел» идеясын іске асыруда, еліміз өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зерделеудің, ой-толғау жасаудың нәтижесі деп сөзін аяқтады.

Просмотров: 706


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст