Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Жаңаесіл ауылы, Агротехникалық колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Агротехнический колледж, село Жанаесиль" при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарихы терең колледжім

22.02.2018

1951 жылы сельхозтехникум ашылды, онда мал шаруашылығы бойынша мамандар дайындады. Ең бірінші директоры Алматыдағы малдәрігерлік институтында оқыған Тыртышный Петр Васильевич деген кісі болды.

Ол кезде Техникум бүкіл Қазақстанға мамандар дайындады,материалды-техникалық базасы мықты болды.Совхоз техникум кезінде Бухгалтериясы Совхозбен бірге болатын. Оның алдында Агромектеп болған.

Осы мекеме қабырғасында Роберт Степанович Морозов, Гельдерман және Рубан Павел Николаевичтер директор қызметін атқарған екен. Бұрын «Агротехникалық колледж № 27»  болған.

1985-1992 жылдары Ортаев Мурат Ашимович директор болған. № 9 АТК бұрынғы техникумның құқықтық мұрагері болып саналады. Ал Новоишимка ауылы бүкіл Қазақстанға агроөнеркәсіп мамандарын дайындағаны үшін  әйгілі. Бітіруші түлектерді жақыннан да алыстағы шет елден де кездестіруге болады. Олардың ішінде көптеген кісілер әртүрлі жетістіктерге қол жеткізді.Айта кететін болсақ Социалистік еңбек ері И.И. Шарф, И.П.Жангуразов- бұрынғы "Вишневский"

құсбірлестігінің бас директоры, И.А. Браун - Обком партиясының хатшысы сол сияқты көптеген кісілер өз жолдарын осы Новоишимкадан бастаған.

2003 жылға дейін Жанатаев Айтбай Ильич басшылық етіп келсе, 2003 жылы Мұхамедиев Мұрат Заекеевич - басшылық етті. Ол кезде "№19 Кәсіптік мектеп " болатын,  2004 жылы "Ауылшаруашылық маманы фермер" және "Мекен жай иесі"деген кәсіп бойынша мемлекеттік тілде мамандықтар ашылды. Сонымен қатар бұрыннан оқып кележатқан "Бухгальтер", "Механизатор" және "Тігінші" мамандықтары бойынша студенттер білім алды.

2007 жылы "№19 Кәсіптік мектеп" атауы "№19 Кәсіптік лицей" болып ауысты. 2012 жылы "№19 Кәсіптік лицей"  атауы "№ 9 Агротехникалық колледж" болып өзгерді, міне содан бастап колледж болып келеміз.

2008 жылдан бастап №19 Кәсіптік лицей директоры Иутина Л.Я. болды. Ол кісі 2016 жылдың қараша айының ортасына дейін директор қызметін атқарды.

2016 жылдың  16 қарашасынан бастап Сабитов Б.Қ директордың міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Баубеков Габдулмажит Болатжанович директор болып тағайындалды.

Баубеков Габдулмажит Болатжанович 14.05.1957 ж. Ақмола облысы,Атбасар ауданы, Қаражар ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Ново-Александровка ОМ бітірген. Абай атындағы Қаз ПИ-ге оқуға түскен.

1978 ж.Атбасар ауданындағы Қаражар ОМ-де биология оқытушысы болып жұмыс істеген.

1980 ж  Әскерлер қатарына шақырылып Отан алдындағы борышын өтеді.

1982 ж Қаражар ОМ оқытушы болып жұмыс істеген. Өзінің оқытушылық қызметін осылай бастаған Габдулмажит Болатжанұлы үйленген, үш перзенттің әкесі.Колледжде оқып жатқан студенттердің жағдайын жасаймын деп жүгіріп жүр. Көзі ашық, көкірегі ояу жандардың бірі.

Қазіргі уақыттта біздің колледждің дайындайтын мамандықтары "Ауылшаруашылық маманы фермер", "Тамақтандыруды ұйымдастыру" және "Есеп және аудит".

Біздің колледж бүгінгі таңда көптеген жұмысшы мамандықтардың орталығы болып саналады. Соның арқасында қазіргі уақытта көп жылдардан бері қызмет етіп кележатқан

аға ұстаздар бар. Олар Джунусов А.Б.-орыс тілі оқытушысы, Пудовкина Т.В.-"Есеп және аудит" мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы,Топольник З.С.- "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша топ шебері, Иутина Л.Я.арнайы пән оқытушысы. Иткулова Ә.Р.-директордың хатшысы. Евкурова М.А.-колледждің "Бас

есепші", Нурманова Д.Е.-асханада аспаз, Смагулова А.М.-"Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша топ шебері, Сабитов Б.К.- "Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары", ал енді мен өзімді де айта кететін болсам  №19 Кәсіптік мектеп кезінде 2004 жылы "Қазақ тілі және әдебиеті" пәні оқытушысы болып жұмысқа орналасып, 2007 жылдың қазан айынан бастап осы оқу орнында "Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары"қызметін атқарып келемін.

2015 жылы «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша «Ауылшаруашылық маманы Фермер» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша 50 студентке грант бөлінді. Негізі «Серпін-2050» бағдарламасының мақсаты оңтүстіктегі балаларды оқыту оларға жағдай жасау болатын. Әр студент 16 мың-18 мың шәкіртақы алды, сонымен қатар әр студенттің  қысқы киіміне 72 мыңдай ақша бөлінді, оның үстіне көбісі көп балалы отбасынан шыққан балалар.2017 жылы «Серпін-2050» бағдарламасымен 41 студент бітіріп,диплом алды. Биыл 19 студент диплом алғалы тұр.

Биыл 2017 жылы колледжде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарлама» бойынша Целиноград ауданында тұратын 49 студент қабылданды. Бұл бағдарлама Республикалық бюджетпен қамтамасыз етіледі.Бағаға қарамастан барлық студенттерге 16 мыңнан аса шәкіртақы беріледі. Оқу мерзімі 2жыл 10 ай. Бұл бағдарламамен «Фермер шаруашылығы» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтарын дайындаймыз.Келесі оқу жылы да осындай бағдарлама негізінде «Дәнекерлеу жұмысы» мамандығы бойынша оқытамыз деп жоспарлап отырмыз. Осы бағдарлама негізінде 3 айлық оқу мерзімді мамандықтар дайындау курстарын ашып оқытудамыз.Олар:

1.    «Дәнекерлеу жұмысы» мамандығы,

2.    «Тракторшы машинист» мамандығы,

3.    «Аспазшы» мамандығы,

4.    «Есепші» (бухгальтер) мамандығы,

5.    «В» санатты көлік жүргізуші мамандықтары бойынша жұмыс таба алмай жүрген жастарды қабылдап, оқытамыз. Олар 3 айлық шәкіртақымен қоса жол кірей ақшаларын алатын болады. Бүгінгі күнде зейнетақы қоры жиналмай тұрған, еш жерде жұмыс істемей жүрген жастарды оқуға шақырамыз.

Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылы «Серпін-2050» бағдарламасымен 25 студентке «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім береміз деп жоспарлап отырған жайымыз бар.

Қорыта айтқанда біздің № 9 АТК тарихы өте тереңде жатыр. Оның тарихын біз әлі де зерттеп келеміз. Осы мекемені бітіріп кеткен қаншама түлектер бүгінгі күні әр жерлерде бір мекемелердің білдей басшысы болып отырғандары да жоқ емес. Білім алған мекемеге келіп, сол кездегі өмір жайлы еске алам десеңіз әрқашан біздің оқу мекемесінің есігі ашық. Сіздерден алған естелік тарихтарды сақтайтын біздің «Этномұражайымыз» бар. Мен осы мекеменің тарихын тереңнен қозғай отырып, оқытылатын мамандықтарға көп көңіл бөлдім, өйткені Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін ұмытпау керек. Жастар дұрыс тәрбие мен білім алса келешекке сеніммен қарауға болады.

Просмотров: 711


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст